Қызмет
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке  тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу органАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары
Қызмет көрсетушіАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары;
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚО); 
Жұмыс кестесі/мекен-жайы

   1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары:
Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57
Түрксіб ауданы әкімінің аппараты -  Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63;
Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69;
Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18;  
Бостандық ауданы әкімінің аппараты -  Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90;
Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04;  
Наурызбай ауданы әкімінің аппараты -  Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04;
Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23.
     2) ХҚО - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда. Мекенжайлары:
Алмалы ауданы - Бөгенбай батыр көшесі 221, тел:  8 (727) 330-98-32, 378-08-18  
Әуезов ауданы - Жандосов көш.,  51, тел: 8 (727) 303-68-06, 303-68-25
Бостандық ауданы -  Алмагүл ықшам ауданы, Ходжанов көш., 9 А, тел: 8 (727) 396-37-00, 396-25-59
Жетісу ауданы - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 6а, тел: 8 (727) 378-46-68, 8 (727) 378-44-07.
Медеу ауданы - Марков көш. 44, тел: 8 (727) 239-65-47, 330-71-57
Түрксіб ауданы - Рихард Зорге көш. 9, тел.: 8 (727) 334-09-74,  234-09-35
Алатау ауданы -  Алғабас-1 ықшам ауданы, 5/17 үй (Атлетика қалашығы), тел: 8 (727) 330-98-18, 330-98-17
Наурызбай ауданы - Шұғыла ы/а, №5 кіреберіс.  
    

қажетті құжаттар 1) акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;
       4) өтініш берушінің және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян;
       5) еңбек кітапшасының көшірмесі не ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер өтініш беруші студент болса – оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);
      6) егер өтініш беруші әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);
      7) өтініш берушінің 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті;
      8) мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
      Қосымша мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген азаматтық хал актілері жазбаларын мемлекеттік тіркеу жағдайларынан басқа):
      9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
      10) балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
      11)  ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
      13) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
      14) егер өтініш беру зейнеткер болып табылса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі.
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзіміАктілік жазбалардың электрондық нұсқалары болған кезде -  күнтізбелік 7 күн, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
 
 
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіжеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
 
Ақылы немесе ақысыздығы0,5 АЕК
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар – тууы туралы куәлiктері тiркелгенi және қайта берілгенi үшін;
       2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтірілген және өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

На русском