Атын,әкесінің атын,тегін ауыстыруды тіркеу
Қызмет | |
---|---|
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары; «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚО); egov.kz порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | 1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары: Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57 Түрксіб ауданы әкімінің аппараты - Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63; Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69; Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18; Бостандық ауданы әкімінің аппараты - Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90; Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04; Наурызбай ауданы әкімінің аппараты - Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04; Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23. 2) ХҚО - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда. Мекенжайлары: Алмалы ауданы - Бөгенбай батыр көшесі 221, тел: 8 (727) 330-98-32, 378-08-18 Әуезов ауданы - Жандосов көш., 51, тел: 8 (727) 303-68-06, 303-68-25 Бостандық ауданы - Алмагүл ықшам ауданы, Ходжанов көш., 9 А, тел: 8 (727) 396-37-00, 396-25-59 Жетісу ауданы - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 6а, тел: 8 (727) 378-46-68, 8 (727) 378-44-07. Медеу ауданы - Марков көш. 44, тел: 8 (727) 239-65-47, 330-71-57 Түрксіб ауданы - Рихард Зорге көш. 9, тел.: 8 (727) 334-09-74, 234-09-35 Алатау ауданы - Алғабас-1 ықшам ауданы, 5/17 үй (Атлетика қалашығы), тел: 8 (727) 330-98-18, 330-98-17 Наурызбай ауданы - Шұғыла ы/а, №5 кіреберіс. 3) www.egov.kz порталы – тәулік бойы |
Қажетті құжаттар | 1) мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш); 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) өтішін берушінің туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 4) өтішін берушінің неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 5) егер өтішін берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 6) бала асырап алуды не әке болуды анықтау туралы куәліктің көшірмесі, егер оларды тіркеу органдары тіркесе (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің көшірмесі (егер акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, куәліктің көшірмесі ұсынылмайды); 8) өтініш берушінің 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті; 9) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш беруші атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруын өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) порталда – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні; |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасын өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады. |
Ақылы немесе ақысыздығы | Тіркеу үшін - 2 АЕК; акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлікті бергені үшін - 0,5 АЕК |