Бала тууды тіркеу


Қызмет
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
 
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу органАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары
Қызмет көрсетушіАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары;
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚО);
egov.kz порталы
Жұмыс кестесі/мекен-жайы 1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары:
Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57
Түрксіб ауданы әкімінің аппараты -  Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63;
Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69;
Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18;  
Бостандық ауданы әкімінің аппараты -  Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90;
Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04;  
Наурызбай ауданы әкімінің аппараты -  Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04;
Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23.
     2) ХҚО - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда. Мекенжайлары:
Алмалы ауданы - Бөгенбай батыр көшесі 221, тел:  8 (727) 330-98-32, 378-08-18  
Әуезов ауданы - Жандосов көш.,  51, тел: 8 (727) 303-68-06, 303-68-25
Бостандық ауданы -  Алмагүл ықшам ауданы, Ходжанов көш., 9 А, тел: 8 (727) 396-37-00, 396-25-59
Жетісу ауданы - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 6а, тел: 8 (727) 378-46-68, 8 (727) 378-44-07.
Медеу ауданы - Марков көш. 44, тел: 8 (727) 239-65-47, 330-71-57
Түрксіб ауданы - Рихард Зорге көш. 9, тел.: 8 (727) 334-09-74,  234-09-35
Алатау ауданы -  Алғабас-1 ықшам ауданы, 5/17 үй (Атлетика қалашығы), тел: 8 (727) 330-98-18, 330-98-17
Наурызбай ауданы - Шұғыла ы/а, №5 кіреберіс.  
      3) www.egov.kz порталы  – тәулік бойы
 
Қажетті құжаттар

  1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);
      4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      5) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
        шетелдіктер қосымша ұсынады:
      6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебелеріне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.
       Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
      1) өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтініш;
      2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).
        Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда мыналар:
      1) ата-анасының түсініктемесі;
      2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;
      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса беріледі.
      Өтініш беруші жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      3) тууды тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда –тууды тіркеу туралы анықтама;
      4)  өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
      6) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
      Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады.
     
      

Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі2 (екі) жұмыс күні (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіжеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама жолданады, 
Ақылы немесе ақысыздығы1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі;
2) туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады;

На русском