Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу
Қызмет | |
---|---|
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу азаматтық хал актілері | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты; egov.kz порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | 1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары: Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57 Түрксіб ауданы әкімінің аппараты - Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63; Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69; Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18; Бостандық ауданы әкімінің аппараты - Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90; Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04; Наурызбай ауданы әкімінің аппараты - Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04; Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23. 2) www.egov.kz порталы – тәулік бойы |
Қажетті құжаттар | 1) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат; 4) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсету | 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді); некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар) расталатын дәлелді себептер болған кезде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады; ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; порталда – неке (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін тағайындау туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн; |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама жолданады. |
Ақылы немесе ақысыздығы | Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. |