Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу
Қызмет | |
---|---|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары; «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚО); egov.kz порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | 1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары: |
Қажетті құжаттар | 1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Өтініш беруші жүгінген кезде кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін: 1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; Қызмет берушіге өтініш беруші жүгінген кезде сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін: 1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі; 4) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік; 5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 6) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады. Өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін порталға жүгінген кезде: 1) өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтініш; 2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды). Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін ұсынады. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі; басқа аумақтық бірлікте шығару орны бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде күнтізбелік 30 (отыз) күн; көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: мыналардың негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу: хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеу органы өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі; кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама куәлікті беру, порталда - электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарламаны беру және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнін белгілеу Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық өтінішті қабылдау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады. |
Ақылы немесе ақысыздығы | 1) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 АЕК; 2) сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де); 3) сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК. 4) некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. |