Қызмет
Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу
азаматтық хал актілері
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу органАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары
Қызмет көрсетушіАлматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары
Жұмыс кестесі/мекен-жайыӨтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-ден бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары:
Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57
Түрксіб ауданы әкімінің аппараты -  Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63;
Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69;
Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18;  
Бостандық ауданы әкімінің аппараты -  Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90;
Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04;  
Наурызбай ауданы әкімінің аппараты -  Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04;
Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23.
     
Қажетті құжаттар  ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
      1) әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
       Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
      1) өзін баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;
      2) әкесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
      1) сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы өтініш;
      2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
      3) баланың туу туралы куәлігі;
      4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
       5) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
      Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
      2) өтініш берушінің туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
      3) әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама;
      4) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
      6) өтініш берушінің өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты;
      5) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
   
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі1) егер туу туралы акт жазбасы өтініш берген жерде болса, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 1 (бір) жұмыс күні;
2) егер туу туралы акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында басқа тіркеуші органда болса, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;
 3) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
 
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіӘке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік.
Ақылы немесе ақысыздығыӘке болуды анықтау – тегін. Баланы асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер кезінде 0,5 АЕК

На русском