Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу


Қызмет
Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу орган"Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ
Қызмет көрсетуші1) Алматы қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (кеңсе)
2) egov.kz порталы
Жұмыс кестесі/мекен-жайы1) Дене шынықтыру және спорт басқармасы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайы: Республика алаңы, 4, тел: 8 (727) 264 58 41, 264 60 98
2) www.egov.kz порталы  – тәулік бойы
Қажетті құжаттар

 1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде - спорт федерациясы басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      басқарушы органның дербес құрамы туралы мәліметтер;
      спорт федерациясының жарғысы;
      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;
      спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалардың жобасы;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін – мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін – мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

2) порталға:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарушы органның дербес құрамы туралы мәліметтер;
      электрондық құжат нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері( бойынша қағидалардың жобасы;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау.

Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзіміаккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу - 5 (бес) күнтізбелік күн;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) күнтізбелік күн;
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіЖергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік
Порталға – Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Ақылы немесе ақысыздығыақысыз

На русском