Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
Қызмет | |
---|---|
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке және заңды тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | Алматы қаласының жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы |
Қызмет көрсетуші | 1.Алматы қаласының жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы 2. веб-портал egov.kz |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Алматы қаласының жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы- Республика даңғылы, 4, оф. № 329 қабылдау бөлмесі 271-65-47 Дүйсенбі мен жұма күндері аралығында демалыс және мереке күндерін қоспағанда 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ғе дейін. |
Қажетті құжаттар | қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін: нысан бойынша өтініш; мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесі; меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі; дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі; тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін: еркін нысанындағы өтініш; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың көшірмесі; 2) порталда: нысан бойынша өтініш; меншік құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі; ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін: еркін нысанындағы өтініштің электрондық көшірмесі; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың электрондық көшірмесі; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | 8 жұмыс күні |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеу туралы куәлік және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімінен қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару туралы хабарлама беру. |
Ақылы немесе ақысыздығы | 1) тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 АЕК. |