Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру
Қызмет | |
---|---|
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке және заңды тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | "Алматы қаласының Дін істері басқармасының" келісімі бойынша "Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Мекенжайы: Абылайхан көшесі, 91. Тел: 2795824, 2795490, 2799243. |
Қажетті құжаттар | 1) мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың көшірмесі; 3) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсатын, осы аумақта рухани құндылықтарды қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып); 4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру не мемлекеттік қызметтің осы стандартының 10-тармағында көзделген туралы дәлелді жауап. |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |