Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру


Қызмет
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке және заңды тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу орган"Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ
Қызмет көрсетуші"Алматы қаласының Дін істері басқармасының" келісімі бойынша "Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ
Жұмыс кестесі/мекен-жайыЖұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Мекенжайы: Абылайхан көшесі, 91. Тел: 2795824, 2795490, 2799243.  
Қажетті құжаттар1) мемлекеттік қызметтің осы стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;   
2) жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғалар үшін - діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың көшірмесі;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесін қоса бере отырып құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және нотариаттық куәландырылған жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары беріледі;
4) жылжымайтын мүлік объектісінде ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;
5) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
6) тіркелген діни бірлестік (ғибадат үйінің (ғимараттың) атауын көрсете отырып)) басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсатын, осы аумақта рухани құндылықтарды қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып;
7) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылары жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).  
 
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзіміқұжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіҮйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру, не мемлекеттік қызметтің осы стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Ақылы немесе ақысыздығыақысыз

На русском