Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну


Қызмет
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке және заңды тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу орган"Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ
Қызмет көрсетуші1. Білім басқармасы
2. "Электрондық үкімет" egov.kz веб-порталы      
Жұмыс кестесі/мекен-жайыББ: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-дан 18.00 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:00 дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайы: Республика алаңы көшесі, 4, 271-65-09
egov.kz веб-порталы: тәулік бойы
Қажетті құжаттар

ББ-ға жүгінген кезде:                                                                                             

1) нысан бойынша өтініш;
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);          
3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;                                             
4) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 6) барлық алған табысы туралы құжаттар;

7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің көшірмесі.                                                 

Веб-порталға жүгінген кезде:                                                   

1) көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша сұрау;

2) туу туралы куәліктің электронды көшірмесі;

3) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;                                          
4) жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің электронды көшірмесі; 5) алған табыстары туралы құжаттың электронды көшірмесі.

Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі5 жұмыс күні
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіжалпы білім беретін мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама 
Ақылы немесе ақысыздығыақысыз

На русском