Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
Қызмет | |
---|---|
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | 1. Алматы қаласының Білім басқармасы 2. "Электрондық үкімет" egov.kz веб-порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | ББ: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-дан 18.00 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:00 дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайы: Республика алаңы көшесі, 4, 271-65-09 egov.kz веб-порталы: тәулік бойы |
Қажетті құжаттар | ББ-ға жүгінген кезде: 1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтініш; 2) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтама; 3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі. Веб-порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжан нысанында сұрау; 2) білім беру ұйымдарында баланың (балалардың) білім алғаны туралы анықтаманың электронды көшірмесі; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |