Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру
Қызмет | |
---|---|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке және заңды тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:30 дейін |
Қажетті құжаттар | 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш; 2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама; 3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін); 4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама; 6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама; 7) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | 10 жұмыс күні |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |