Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау


Қызмет
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау 
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу орган"Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ
Қызмет көрсетушіТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 
Жұмыс кестесі/мекен-жайыТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:30 дейін     
Қажетті құжаттар

Басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін:                                                            

1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы);

2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесіҚайта қабылдау үшін:
1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы);                                                                          
2) білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама 

Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі

Ауыстыру үшін: бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей.                 

Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі.                

Қайта қабылдау үшін: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде; Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы берешегін өтеген жағдайда қайта қабылдау үшін; оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесітехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық.
Ақылы немесе ақысыздығыақысыз

На русском