Қызмет
"Үздік педагог" атағы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу орган"Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ
Қызмет көрсетушіАлматы қаласының Білім басқармасы
Жұмыс кестесі/мекен-жайыдүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-дан 18.00 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:00 дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайы: Республика алаңы көшесі, 4, 271-65-09
Қажетті құжаттар1) нысан бойынша өтініш;
2) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармасы басшыларымен расталған Конкурс қатысушысының ұсынысы;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жеке парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) педагогтың портфолиосы;
6) өзінің педагогтық қызметі туралы конкурс қатысушысының талдамалық есебі;
7)электрондық тасығыштардағы сабақтар (компакт-дискілерде);
8) эссе;
9) Конкурс қатысушысының карточкалық базасындағы қолданыстағы 20-мәнді ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзіміІ кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін;
ІІ кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейін;
ІІІ кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі«Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу.
Ақылы немесе ақысыздығыақысыз

На русском