"Үздік педагог" атағы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызмет | |
---|---|
"Үздік педагог" атағы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласының Білім басқармасы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-дан 18.00 дейін, түскі үзіліс 13:00 бастап 14:00 дейін. Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайы: Республика алаңы көшесі, 4, 271-65-09 |
Қажетті құжаттар | 1) нысан бойынша өтініш; 2) облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармасы басшыларымен расталған Конкурс қатысушысының ұсынысы; 3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жеке парағы; 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) педагогтың портфолиосы; 6) өзінің педагогтық қызметі туралы конкурс қатысушысының талдамалық есебі; 7)электрондық тасығыштардағы сабақтар (компакт-дискілерде); 8) эссе; 9) Конкурс қатысушысының карточкалық базасындағы қолданыстағы 20-мәнді ағымдағы шоты туралы хабарлама. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | І кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін; ІІ кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейін; ІІІ кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу. |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |