Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу
Қызмет | |
---|---|
Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке және заңды тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және нәтижені беру дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00 бастап 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін. |
Қажетті құжаттар | 1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) еркін нысандағы өтініші; 2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі; 3) баланың туу туралы куәлiгі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы); 4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға арналған шарттарды жасау үшін құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 60 минут; мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | анықтама беру |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |