Дәрігерді үйге шақыру
Қызмет | |
---|---|
Дәрігерді үйге шақыру | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | 1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар; 2. "Электрондық үкімет" egov.kz веб-порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Медициналық ұйымдар - ҚР Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден сенбі аралығында (дүйсенбі - жұма үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); Egov.kz веб-порталы - тәулік бойы |
Қажетті құжаттар | Медициналық ұйымдар - жеке басын куәландыратын құжат; порталға - ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 (он) минуттан аспайды; портал арқылы жүгінген кезде: құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | 1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі. |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |