Ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия АИТВ-инфекциясының бар-жоғына медициналық зерттеліп-қаралу
Қызмет | |
---|---|
Ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия АИТВ-инфекциясының бар-жоғына медициналық зерттеліп-қаралу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | "Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" КММ |
Қызмет көрсетуші | 1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - БМСК); 2. Алматы қаласының "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" ШЖҚ-дағы МКК |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | БМСК: демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда (дүйсенбі - жұма, үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" ШЖҚ-дағы МКК: демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда 13.00-13.30 үзіліспен, сағат 8.30-дан бастап 18.00-ге дейін; Мекенжайы: Басенов көшесі 2, 4-корпус (Жароков көшесінің қиылысы). Сенім телефоны: 329-30-73, 329-31-73. |
Қажетті құжаттар | АИТВ-жұқпасының бар-жоғына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алған кезде – жеке басын куәландыратын құжат. АИТВ-жұқпасының бар-жоғына жасырын медициналық зерттеп-қарау қызметін алған кезде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | зерттеп-қараудың теріс нәтижесі болған жағдайда - 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесі болған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы денелерге зерттеу туралы анықтама-сертификат |
Ақылы немесе ақысыздығы | ҚР азаматтары мен оралмандарға тегін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы |