Мүгедектікке әкеп соқтырмайтын мертігуіне байланысты өтемақы алу (әскери қызметшілер)
Қызмет | |
---|---|
Мүгедектікке әкеп соқтырмайтын мертігуіне байланысты өтемақы алу (әскери қызметшілер) | |
Қызмет реттелмеген | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы немесе қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер. |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент - Наурызбай батыр көшесі, 96, 272-86-47, 272-86-48. Алатау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - 3 ы/а, 41 А үй, 381-89-81. Алмалы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - Шевченко көшесі, 131, 395-84-48 (49,50,51). Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - 3-ықшам аудан, 41А үй, 381-56-49. Бостандық ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - Розыбақиев көшесі, 260, 246-28-48. Жетісу ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - Райымбек даңғ., 194, 378-81-12, 378-81-13. Медеу ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - Райымбек даңғ., 55, 382-04-58, 382-04-59. Түрксіб ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы - Бейсембаев көшесі, 49, 290-78-30, 290-78-35. Наурызбай ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы уақытша қабылдайды). Жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма 9.00-дан 18.00 дейін; түскі үзіліс 13.00-ден 14.00 дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі. |
Қажетті құжаттар | Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV ҚРЗ Заңның 8-тарауына сәйкес: 44-бап. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийге жіберіледі. 51-бап. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiгу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) жағдайында оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккенде – жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi. Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) стипендия алатын курсанттарына, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге осы тармақта көзделген жағдайларда: 1) I топтағы мүгедекке – 250 айлық есептiк көрсеткiш; 2) II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептiк көрсеткiш; 3) III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептiк көрсеткiш; 4) ауыр мертіккені үшiн – 12 айлық есептiк көрсеткiш; 5) жеңіл мертіккені үшін – 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiржолғы өтемақылар төленедi. 1. белгіленген нысандағы өтінішті; 2. алған мертігуінің (жаралануы, жарақат, контузия) ауырлығы (ауыр немесе жеңіл) дәрежесі туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасын; 3. әскери қызмет мiндеттерiн орындау (әскери жиындардан өту) кезiнде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) салдарын тексеру материалдарын; 4. келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден оқиға сәтіндегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы сұратады. |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына сәйкес 2 ай. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Әскери қызметшілерге, әскери міндеттілерге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу |
Ақылы немесе ақысыздығы | ақысыз |