Бала тууды тіркеу
Қызмет | |
---|---|
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | |
Кімге | |
Кімге/басым категориялар | Жеке тұлғалар |
Сипаттама | |
Жергілікті атқарашу орган | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары |
Қызмет көрсетуші | Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары; «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ (ХҚО); egov.kz порталы |
Жұмыс кестесі/мекен-жайы | 1) Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараты - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-дан бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мекенжайлары: Жетісу ауданы әкімінің аппараты - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2 а, 384-27-67, 384-27-57 Түрксіб ауданы әкімінің аппараты - Шолохов көшесі, 9-үй, 235-70-07, 223-11-21, 235-70-63; Әуезов ауданы әкімінің аппараты - Алтынсарин көшесі, 23-үй, 303-42-69; Алмалы ауданы әкімінің аппараты - Абылай хан даңғылы, 74а үй, 272-59-88, 272-01-18; Бостандық ауданы әкімінің аппараты - Айманов көшесі 191-үй, 274 – 83 – 08, 274-44-90; Медеу ауданы әкімінің аппараты - Пушкин көшесі 72-үй, 291-60-72, 291-19-12 , 291-06-04; Наурызбай ауданы әкімінің аппараты - Таусамалы ықшам ауданы, Рысқұлов көшесі, 129-үй, 297-06-50, 297-06-51, 291-06-04; Алатау ауданы әкімінің аппараты - Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көшесі 26-үй, 299-84-16, 299-84-19, 299-84-23. 2) ХҚО - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда. Мекенжайлары: Алмалы ауданы - Бөгенбай батыр көшесі 221, тел: 8 (727) 330-98-32, 378-08-18 Әуезов ауданы - Жандосов көш., 51, тел: 8 (727) 303-68-06, 303-68-25 Бостандық ауданы - Алмагүл ықшам ауданы, Ходжанов көш., 9 А, тел: 8 (727) 396-37-00, 396-25-59 Жетісу ауданы - Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 6а, тел: 8 (727) 378-46-68, 8 (727) 378-44-07. Медеу ауданы - Марков көш. 44, тел: 8 (727) 239-65-47, 330-71-57 Түрксіб ауданы - Рихард Зорге көш. 9, тел.: 8 (727) 334-09-74, 234-09-35 Алатау ауданы - Алғабас-1 ықшам ауданы, 5/17 үй (Атлетика қалашығы), тел: 8 (727) 330-98-18, 330-98-17 Наурызбай ауданы - Шұғыла ы/а, №5 кіреберіс. 3) www.egov.kz порталы – тәулік бойы |
Қажетті құжаттар | 1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама; |
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн; |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама жолданады, |
Ақылы немесе ақысыздығы | 1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі; 2) туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады; |