Қызмет
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
 
Кімге
Кімге/басым категорияларЖеке және заңды тұлғалар
Сипаттама
Жергілікті атқарашу органАлматы қаласының  жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы
Қызмет көрсетуші1.Алматы қаласының  жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы
2. веб-портал egov.kz
Жұмыс кестесі/мекен-жайыАлматы қаласының  жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы-  Республика даңғылы, 4, оф. № 329 қабылдау бөлмесі 271-65-47
Дүйсенбі мен жұма күндері аралығында демалыс және мереке күндерін қоспағанда 09:00-ден  18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден  14:30-ғе дейін. 
Қажетті құжаттар  қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:                                                                                      
      нысан бойынша өтініш;                                                                                                                                                             мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесі;
      меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі;
      тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.
      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
      еркін нысанындағы өтініш;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың көшірмесі;
      2) порталда:
      нысан бойынша өтініш;
      меншік құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі;
      ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:
      еркін нысанындағы өтініштің электрондық көшірмесі;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
   
Стандартқа сәйкес қызмет көрсетудің мерзімі8 жұмыс күні
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіқалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеу туралы куәлік және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімінен қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару туралы хабарлама беру.
Ақылы немесе ақысыздығы1) тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 АЕК.

На русском